Биыл 670 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігіне ие болды

Бүгін, 10:03 / Інжу Әлихан

Жыл басынан бері еліміз бойынша 670 мыңнан астам азамат белгілі бір санат бойынша көлік құралын басқару құқығына ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, қаңтар айында ең көп жүргізуші куәлігі берілген. Бұл айда 103 549 құжат табысталған.

Қыс мезгілінде тәжірибелік емтихан тапсыру жүргізушінің нақты әрі күрделі жол жағдайларына дайындығын көрсетеді деген пікір бар.