Жаңа жыл қарсаңында «Жастар Рухы» жұмысшы мамандарды мерекемен құттықтады

Бүгін, 08:58 / Інжу Әлихан

Жаң жыл қарсаңында мерекемен қатар жұмысшы маман иелерінің қызметі де 2 есе күшейе түсуде. Осындай тығыз жұмыс кестесі арасында «Жастар Рухы» белсенділері аймақтарда азаматтарды ерекше құттықтауды бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың қатарында күні бойы суық қармен арпалысқан коммуналдық қызметкерлер, жолаушыларды тасыған автобус жүргізушілері, ғимараттарды 24/7 бақылап отырған күзетшілер мен тапсырысты уақытында жеткізуге асыққан курьерлер бар.

Осы аталған маман иелерін Астана қаласында Жастар қанатының белсенділері құттықтап, имидждік сыйлықтарын табыстады. Жыл бойына тоқтаусыз еңбек етіп, азаматтар жағдайы үшін барын салған жандарға осындай алғыстарын жеткізді. 

Мереке қарсаңында жұмысшы мамандар жылын осындай ерекше нотада, алғыспен аяқтағымыз келді дейді «Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова.

«Бұл жылы біз жұмысшы мамандардыңеңбегін ерекше бағалап, олардың қоғамдағы маңызды рөлін көрсету үшін кешенді жұмыстар жасадық. Өңірлерде жұмысшы мамандарға арналған акциялар мен құттықтаулар арқылы олардың өз ісіне деген адалдығы мен шынайы еңбекқорлығыннасихаттағымыз келді. Сонымен қатар, мереке қарсаңында азаматтардың қажырлы еңбектеріне шынайы алғысымызды білдіріп, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлауды жөн көрдік.Әрбір маманның қажырлы еңбегі, күнделікті жұмысы – айрықша маңызға ие»,- деді Ақерке Искандерова.

Осылайша Жастар қанатының бастамасымен Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында коммуналдық қызметкерлер мен көше тазалаушыларға мерекелік көңіл-күй мен сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, Алматы мен Шымкент қалаларында жастар автобус жүргізушілері, кондитер және сатушыларды құттықтады.

Акцияға белсене қатысқан қарағандылық рухтас Санжар Ермеков: 

«Рухтастармен бірге жасап жатқан бүгінгі жылулық пен мейірімге толы акциямыз қолымыздан келетін ең кіші көмектердің бірі болуы мүмкін, бірақ ол азаматтарға эмоциялар сыйлап, көңілін көтеріп, еңбектерінің маңыздылығын көрсетеді. Шараға қатысып, нағыз жұмысшы маман иелеріне алғыс білдірудің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын».

«Жастар Рухы» өкілдерінің айтуынша, коммуналдық қызметкерлерге арналған «Кел, шәй ішейік» акциясы да тұрақты негізде 10 жылға жуық уақыттан бері ұйымдастырылып келеді. Атаулы акция жұмысшылар мен волонтерлердің арасындағы сыйластықарттырып, қоғамдағы еңбектің маңызды екенін көрсететін ерекше шара болып табылады. Акция барысында белсенділер коммуналдық қызметкерлер мен көше тазалаушыларға құрметті жылулық сыйлау арқылы көрсетеді.