Мессидің қарындасы жол апатына түсіп, ауыр жарақат алды

Бүгін, 23:53 / Өтей Торғайұлы

Аргентиналық футболшы Лионель Мессидің қарындасы Мария Соль Месси жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Metro басылымы жазды.

Ресми мәліметке сәйкес, ол Майамиде көлік жүргізу кезінде басқаруды жоғалтып, қабырғаға соғылған. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. БАҚ деректеріне қарағанда, зардап шегуші омыртқасының екі жерінен зақым алған, өкшесі мен білегі де сынған.

Апатқа байланысты Мария Соль Месси 2026 жылғы 3 қаңтарда Росариода өтеді деп жоспарланған үйлену тойын кейінге қалдырды. Оның таңдауы — «Интер Майами» клубының жастар командасы бапкерлер штабының мүшесі Джулиан Ареллано. Ал клубтың негізгі (ересектер) командасында оның ағасы Лионель Месси өнер көрсетеді.
 

Тэгтер:

Футбол Лионель Месси