Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) кезекті матчында челябілік «Трактормен» кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ойын басталар алдында қазақстандық клуб Шығыс конференциясында сегізінші орында тұрса, ресейлік команда алтыншы орынға жайғасқан еді.
Бірінші кезең қонақтардың пайдасына аяқталды: олар Андрей Шутов күзеткен қақпаға жауапсыз екі шайба соқты. Ал екінші және үшінші кезеңдерде есеп өзгермей, матч «Трактордың» 2:0 есебімен жеңісімен тәмамдалды.
25 желтоқсанда «Барыс» өз алаңында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдайды.