Танымал әнші көпшілікке күйеуі сыйлаған бағалы сақинасын көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ерке Есмахан арманындағы сақинасы жайлы алғаш рет әлеуметтік желіде айтты.
"Ойлаш, Ерке Есмахансың. Күйеуің - RaiM! 3 ұлың бар. Үлде мен бүлдеге оранып, 8 млн оқырманы бар парақшаңа осындай сурет салып отырсың. Найзағай ма? Шүкір! RaiM туған күніме сыйлаған арманымдағы сақина үшін рахмет. Сүйемін!", - деп жазды әнші.
"Өскенде Ерке Есмахан боламын", "Күлсем басыма келе ме? Осылай жүруді бізге де нәсіп етсін", "Ерке емеспін, бірақ тура осы жағдай бұйырсын. Үлде мен бүлдеге орана берейік", - деп жазды әншінің өміріне қызыққан қыз-келіншектер.