Түркістан облысында көлік жүргізушісі орталықта тұрған шыршаны құлатып тастады

23 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Түркістан облысында шыршаны соғып кеткен жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түнгі сағат 03:00 шамасында Сарыағаш аудандық полиция басқармасына белгісіз жүргізушінің орталық алаңға орнатылған жаңажылдық бас шыршаны соғып, оқиға орнынан жасырынғаны туралы хабарлама түскен.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары қосылған полицияның кіші басқару орталығы арқылы аумақтағы бейнежазбаларды толық зерделеген. Нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды.

Белгілі болғандай, ВАЗ 2105 көлігінің жүргізушісі шыршаны айналмақ болып, көлікті басқара алмай, соғып кеткен. Жас жүргізуші шыршаны қалпына келтіріп, алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылыққа жол бермейтінін айтты. Оған қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылып, автокөлік айыптұраққа қойылды.

Тэгтер:

Түркістан шырша