Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Бүгін таңертең мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз қазіргі қақтығыстарда бейбітшілікті орнатудың маңызын, сондай-ақ ел арасындағы сауда мен ынтымақтастықты кеңейтуді талқыладық. Екі елмен де қарым-қатынасымыз керемет. АҚШ келесі жылы G20 саммитін қабылдайды және біз осы өте маңызды іс-шараға, Майамиде өтетін саммитке Қазақстан Республикасының Президентін қонақ ретінде қатысуға шақырамыз, — деп жазды АҚШ Президенті.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы АҚШ Президентімен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбіткені жайында жазған едік.