Құранды жатқа білетін 7 жасар бүлдіршінге әлем назары ауды

Құранды жатқа білетін 7 жасар бүлдіршінге әлем назары ауды

Құранды жатқа білетін 7 жасар бүлдіршінге әлем назары ауды
ашық дереккөзі
Құранды толық жаттап алған 7 жастағы ұлыбританиялық бүлдіршінге әлем назары ауды. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады. Ол 5 жасында «Ясин» сүресін қайырымдылық ретінде Сирияға ақша жинау үшін жаттаған болатын. Осыдан кейін, жергілікті медреседе Құранның қалған параларын толық жаттап бітірген. Анасы қызының тез жаттап алу қабілетінің бар екенін аңғарып, хафиз болып шығуын қалайды. Бірақ өкінішіне орай, бұл жерде хафиздыққа оқытатын орындар болмай шығады да, қызын өзі үйретуге бел байлайды. Оның айтуынша, бұл оңайға соқпаған, өзінен де, қызынан да көп төзімділікті талап ететін машақаты мол іс болған екен. «Бұл іс менің қолымнан келмейді деген эмоциялық күйде болдым, бірақ Алла маған осы істі соңына дейін жеткізу үшін сабыр берді», - дейді қыздың анасы. Олар қатаң құрылған кесте бойынша жұмыс істеген, сол кесте бойынша Мария күніне 5 сағат Құран жаттаумен айналысқан. Мәселен мектепке барар алдында жаңа сүрелерді жаттаса, сабақтан кейін жаттағанын айтатын, ал тамақтанудан кейінгі уақыты – жаттағандарын қайталауға арналатын болған. Марияның жаттау қабілетін одан ары арттыру үшін, Құранның жартысын жаттаған сайын анасы қызы қалаған нәрсесін алып беріп отырған. Мария болса жұмсақ ойыншық, бояйтын кітапшалар және мейрамханада тамақ ішу сияқты дүниелерді жиі таңдайды екен. Екі жылдан кейін, Мария 7 жасқа толғанда Құранды толық жаттап алды, осылайша, олардың ыждаһаттары ақталды. Оның Құранды жаттап біту жетістігі салтанатты түрде тойланды.