Алматыда жолаушы автобусынан түскен кезде омыртқасын сындырып алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Almaty Today Telegram-арнасының мәліметінше, оқиға 21 желтоқсанда №104 бағыттағы автобуста болған. Алдын ала ақпарат бойынша, әйел салоннан шыққалы жатқанда автобус қозғалып кеткен. Соның салдарынан жолаушы құлап, омыртқасы сынған.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта іс бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.