Алдағы жылдары Маңғыстауға 10 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр

Бүгін, 15:53 / Алуа Арман

2026–2032 жылдары Маңғыстауда 10 трлн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты. Өңір экономикасының негізгі бағыттары - өңдеу өнеркәсібі, туризм, логистика және балық шаруашылығы. Аталған салалардың дамуына ғылыми және зерттеу институттарын тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Жыл басынан бері 235 млрд теңгеге 19 инвестициялық жоба іске қосылып, 612 жаңа жұмыс орны құрылды. 2026-2032 жылдары құны 10 трлн теңгеден астам 55 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының қызмет ету мерзімі 2053 жылға дейін ұзартылып, аумағы қосымша 7,9 мың га кеңейтілді және 23 жаңа қызмет түрі енгізілді. Сонымен қатар, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы толыққанды даму институты ретінде трансформацияланып, жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді. Қазіргі таңда құны 22,1 млрд теңгені құрайтын 8 бірлескен жобаны іске асыру жұмыстары басталды», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

 

Тэгтер:

Маңғыстау инвестиция