Абай облысының прокуратурасы ауыр науқас пациенттердің мүгедектік алу құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Заңнамаға сәйкес, онкологиялық аурудың соңғы сатыларындағы азаматтар мүгедектікті белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілуге тиіс.
Семей қаласының прокуратурасы қаланың медициналық мекемелерінің тиісті сараптамаға жолданбаған 169 онкологиялық науқасты анықталды.
Қала прокуратурасының ден қою актісі негізінде 43 ауыр науқас комиссиялық тексеруден өтіп, мүгедектік алу үшін сараптамаға жолданды. Бұл оларға мемлекет тарапынан көзделген әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктерді рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Қалған науқастар мүгедектікті рәсімдеу мәселесі бойынша әрі қарай шешім қабылдау үшін емделу және қосымша тексеруден өту кезеңінде.
Азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру, оларды қажетті сараптамаға уақытылы жіберу және әлеуметтік кепілдіктерге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс қала прокуратурасымен жалғасуда.