Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына кірді

Бүгін, 14:59 / Інжу Әлихан

Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тиісті қаулыға сәйкес, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланған.

 Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің сегіз мүшесі бар, оның төртеуі – тәуелсіз директор.

«Бұл корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне сай келеді және стратегиялық шешімдерді тиімді қабылдауды қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ерболат Досаев 19 қыркүйекте Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған еді.