«Қазпоштадан сәлемдеме бар»: Ақтөбелік бойжеткен алаяққа 6,5 млн теңге беріп жіберген

Бүгін, 14:57 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбеде 23 жастағы қыз телефон алаяқтығының құрбаны болды. Белгісіз ер адам оған қоңырау шалып, өзін «Қазпошта» АҚ курьерімін деп таныстырып, қыздың атына келген сәлемдеме бар екенін айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сәлемдемені алу» үшін қаскөй қыздан SMS-кодты айтып жіберуін сұраған. Одан кейін психологиялық қысым көрсетіп, жәбірленушіні жаңылыстырған.

Әңгіме барысында алаяқ қызды банк операцияларына қатысты бірқатар әрекеттерді орындауға көндірген.

Бойжеткен алаяқтың айтуымен бірден бірнеше банктен несие рәсімдеген. Қаскөй көрсеткен шотқа 6,5 миллион теңгеден астам қаражат аударған.

Кейін қыз өзінің алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, құқық қорғау органдарына арызбен жүгінген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау мақсатында тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Тэгтер:

Алаяқ несие Ақтөбе Қазпошта бойжеткен сәлемдеме