«Алтын медқұрылғылар»: Қостанайда шенеуніктер 2 млрд теңге жымқырған

Бүгін, 12:42 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанай облысының прокуратурасы медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасы анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Медициналық ұйымдардың қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбатырақ бағаға сатып алу фактілері әшкереленді.

Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асты.

Аталған фактілер бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелді.

Тергеу шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ның бұрынғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды.

Тергеу жалғастырылуда. Өзге мәлеметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Тэгтер:

медицина Қостанай Шенеунік құрылғы