Өскемен – Самара автожолының 112-шақырымында Shacman жүк көлігі жолдан шығып кеткен. Соның салдарынан көлік аударылып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жүргізуші қауіпті ауа-райын ескермеген. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері қауіпті аумақты қоршауға алып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті, жүргізушіге көмек көрсетті және жүк көлігін шығару бойынша шаралар қабылдады. Автожолдағы қозғалыс қалпына келтірілді.