Өңір әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соның арқасында ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 924 млрд теңгені құрады, ал жыл қорытындысы бойынша 1 трлн теңгеден асады деп күтілуде. 7 млн тонна астық жиналды. Мал шаруашылығы саласында облыста 7 өнеркәсіптік заманауи, цифрлық тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілді. 2026 жылы тағы 5 ферма іске қосылады. Бүгінде құрылыс белсенді жүргізіліп жатыр.
«Осы жобаларды іске асыру арқылы ірі шаруашылықтарда сүт өндіруді 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, «Баян Сұлу» АҚ кәсіпорны «Кондитерлік Астана» фабрикасының құрылысын жүргізуде. Инвестиция сомасы – 14,3 млрд теңге. Жоба өнім ассортиментін 16,6 мың тоннаға ұлғайтуға жол ашады. Сондай-ақ, өңірде астықты терең өңдеу бойынша 1 жоба іске асырылуда.