Қызылорда облысында кәсіпкерлерді заңсыз тексеріп, жауапқа тартқандар анықталды

Бүгін, 11:25 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызылорда облысының прокуратурасы биыл әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша 38 апелляциялық өтінішхатты қанағаттандырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот актілерін зерделеу барысында тексерулердің нәтижесінде бірқатар кәсіпкерлердің әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны анықталды.

Дегенмен кәсіпкерлерге қатысты тексерістер Қызылорда облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп саласындағы уәкілетті органға тіркелмей жүргізілген.

Яғни, кәсіпкерлік субъектілерін тексеру заңнама талаптары бұзыла отырып іске асқан.

Апелляциялық өтінішхаттарды қарау нәтижесінде сот актілерінің күші жойылып, заңсыз жауаптылыққа тартылған 7 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Заңнама талаптарының сақталуы облыстық прокуратураның ерекше бақылауында.

Тэгтер:

Қызылорда облысы кәсіпкер Тексеру