Ақмола облысында мүгедек жандар өздеріне тиесілі құралдарды ала алмаған

Бүгін, 09:50 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысының прокуратурасы мүгедектердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында елеулі бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, азаматтарды тифлотехникалық, сурдотехникалық құралдармен және протездік-ортопедиялық көмекпен уақтылы қамтамасыз етілмеген.

Оңалтудың техникалық құралдарын ұсынуға жауапты әлеуметтік қорғау органдары 6 айдан астам уақыт бойы аталған азаматтарды негізсіз дыбыстық хабарламасы бар ұялы телефондармен және дыбыс жазу құрылғыларымен қамтамасыз етпеген, бірқатар азаматтар ұзақ уақыт бойы қажетті протездік-ортопедиялық көмекті ала алмаған.

Мұндай бұзушылықтар азаматтардың өмір сүру сапасына теріс әсер етеді, олардың әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін шектейді.

Ден қою шараларымен аталған адамдар сурдо және тифлопедиялық құралдармен, сондай-ақ протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етілді.

Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.      

Тэгтер:

Ақмола облысы мүгедек