Индонезияның Семаранг қаласында жол апатынан 15 адам қаза тапты

Бүгін, 23:55 / Өтей Торғайұлы

Дүйсенбі күні таңертең Индонезияның Семаранг қаласында (Орталық Ява) ақылы жолдан шығатын жерде қалааралық автобус апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты, тағы 19 адам жараланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы жергілікті іздеу-құтқару қызметі мәлімдеді.

Мәліметке қарағанда, жолаушылар автобусы жоғары жылдамдықпен келе жатқан кезде жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автобус жол қоршауына соғылып, аударылып кеткен.

Қызмет өкілдері барлық зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілгенін растады.
 

Тэгтер:

Индонезия Семаранг