Ол синтетикалық есірткі таратқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл жайында Pavlodarnews.kz сайты ақпарат таратты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижесінде Павлодар облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері интернет арқылы есірткі заттарын өткізумен айналысқан әйелді ұстады.
– Алдымен ол тыйым салынған заттарды ірі көлемде сатып алып, оларды бөліп орап, «жасырын қоймалар» жасаған. Тінту іс-шаралары барысында оның іш киімінің жоғарғы бөлігінен 16 орама табылып, тәркіленді. Сондай-ақ жасырын қоймадан тағы бір орама алынды. Алынған заттарға жүргізілген сараптама нәтижесінде орамалардың ішінде жалпы салмағы 40 грамнан асатын синтетикалық есірткі бары анықталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Қазіргі уақытта ұсталған әйелдің заңсыз әрекетінің барлық мән-жайын және өзге де эпизодтарын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жалғасуда.