Бельгия музейінен Наполеонның сақинасы ұрланды

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: RTBF

Бельгияда Наполеон Бонапартқа тиесілі сақинаның ұрлануына байланысты тергеу басталды. Белгісіз екі адам бельгиялық Женап қаласында орналасқан «Наполеонның соңғы штабы» музейіне заңсыз кіріп, бірқатар құнды жәдігерді алып кеткен. Бұл туралы RTBF телеарнасы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 18 желтоқсанға қараған түні болған. Жоғалған заттардың қатарында гауһар тастармен көмкерілген Наполеонның сақинасы, сондай-ақ Наполеон дәуіріне жататын алтын және күміс монеталар бар.

Құқық қорғау органдары аталған дерек бойынша тергеу амалдарын бастап кеткенін мәлімдеді. Айта кетейік, жуырда Францияда Лувр музейінде де ұрлық тіркелген. Ол кезде Наполеон мен императрица Жозефинаға тиесілі әшекейлер қолды болған. Кейін Bild басылымы ұрланған зергерлік бұйымдарды даркнет арқылы сатпақ болғаны туралы жазған еді.

Тэгтер:

музей сақина Бельгия