Темірдің ағзаға сіңуін тежейтін төрт сусын

Бүгін, 19:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Қыста әлсіздік, ұйқышылдық пен бозару көбіне ауа райымен байланыстырылғанымен, мәселе темір тапшылығы болуы мүмкін. Эндокринолог Елена Шафранскаяның айтуынша, темір тапшылығы анемиясын емдеуде басты қателіктің бірі препаратты кей сусындармен ішу екенін ескермейміз, деп хабарлайды turkystan.kz Газета.Ru-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің дерегінше, кофе, шай және қызыл шарап темірдің сіңуін айтарлықтай төмендетеді. Бұл сусындарда полифенолдар мен таниндер көп. Олар микроэлементпен байланысып, оның ішекте сіңуін тежейді. Әсіресе қою шай мен қызыл шарапта танин мөлшері жоғары, дәл сол себепті олардың дәмі тұтқыр келеді.

Тағы бір жиі кездесетін қателік – темір препараттарын сүт өнімдерімен бірге ішу. Кальций темірді "байлап", оның ағзаға өтуіне жол бермейді. Сол сияқты асқазан қышқылдығын төмендететін дәрілер (мысалы, омепразол) де темірдің тиімді сіңуіне кедергі келтіреді. Қышқыл орта болмаса, микроэлемент толық игерілмейді.

Мұның салдары тек төмен гемоглобинмен шектелмейді. Темір жетіспегенде тіндер оттегіні аз алады, гипоксия дамиды, ал бұл ұзақ мерзімде ағзаның көптеген жүйесіне салмақ түсіреді.

Тэгтер:

ағза темір сусын