Астанада LRT ертерек іске қосылуы мүмкін

Бүгін, 17:48 / Алуа Арман
Фото: «City Transportation Systems» ЖШС

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасының жүзеге асырылу барысына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта LRT сынақ режимінде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Қазірдің өзінде шамамен 2,6 ай өтті. Айдың соңына дейін барлық вагондар жеткізіледі деп отырмыз. Станциялардың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Біз бастапқыда сынақ режимі үш айдан алты айға дейін созылатынын айтқанбыз. Дегенмен алдағы екі айдың ішінде бұл жұмыстар толық аяқталып, LRT-ні жұмыс режимінде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл әсіресе Қалдаяқов, Сығанақ, Қабанбай батыр даңғылдары бойында орналасқан Есіл және Нұра аудандарындағы көлік жүктемесін белгілі бір деңгейде азайтады, — деді әкім ОКҚ-дағы брифинг барысында.

Еске салайық, 29 қыркүйектен бастап Астанада жеңіл рельсті көлік жүйесінің сынақтық пайдалануы басталды. Жабдықтар мен инфрақұрылымды кешенді сынақтан өткізу жұмыстары кемінде алты айға созылады.

Тэгтер:

Астана LRT Жеңіс Қасымбек