Смартфонға тәуелділік күйзеліске ұшыратады

АҚШ ғалымдары  смартфонды шектен тыс қолданатын жандардың депрессияға анағұрлым бейім екенін анықтады. Әсіресе, әйелдер қауымы тоқырауға жиі ұшырайды. Зерттеу қорытындысы Information Systems Journal басылымында жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Смартфондар бізге тез арада көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын құралға айналды, бұған адам байыппен үйрене бастайды», – дейді зерттеу авторы профессор Исаак Вагефи.

Ғалымдар 182 студент арасында сауалнама жүргізіп, смартфонды бір күнде қаншалықты жиі қолданатындарын білді. Анықталғандай, респонденттердің 20 пайызында өз смартфондарына құмарлық салдарынан қоғамда және жұмыс орнында проблемалары бар болып шықты. Одан бөлек, телефонға тәуелділерде депрессия, қоғамнан оқшаулану, өзін-өзі бағаламау, жасқаншақтық және албырттық белгілері байқалған.

Back to top button