Ақтөбе облысында қала әкімінің мәйіті табылды

Бүгін, 12:26 / Алуа Арман
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысының Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды turkystan.kz.

46 жастағы әкімнің денесі 20 желтоқсан күні кешке өз үйінен табылған.

«Мәйіт үйінен табылды. Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Артында балалары қалды», – деді Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықов.

«Суицид дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады полиция.

Еркін Оразбекұлы Далмағамбетов 1979 жылғы 7 шілдеде Ақтөбе облысы Темір ауданының Темір қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2001 жылы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетті «инженер-координатор» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Тэгтер:

Әкім Ақтөбе облысы суицид Темір қаласы