Павлодарда екі адамды үсік шалды

Бүгін, 12:21 / Алуа Арман
istockphoto.com

Өткен демалыс күндері Павлодар облысында аяз күшейіп, екі адамды үсік шалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2016 жылы туған балаға медициналық көмек қажет болды. Ол тізесін соғып алып, екі қолының саусақтары үсіп қалған.  Бала облыстық балалар ауруханасының травмпунктіне жеткізілді», – деп хабарлады 103 жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі.

Екінші жағдайда үсік шалу диагнозы 47 жастағы ер адамға қойылды. Оның саусақтары үсіп, Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.

Тэгтер:

Павлодар үсіп қалды үсік шалды