Шымкентте заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

Бүгін, 11:44 / Інжу Әлихан
ҚМА

Қаржылқ мониторинг агенттігі Шымкентте заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Агенттіктің мәліметінше, күдіктілер екі жыл бойы «TauBrat» парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде «Тринька» атты заңсыз құмар ойын өткізген.

«Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген «дроптарды» пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған

Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды», -делінген ақпаратта.