Могулшы Анастасия Городко халықаралық турнирде екі алтын медаль иеленді

Бүгін, 11:06 / Алуа Арман
olympic.kz

Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан Францияның Тинь қаласында өткен халықаралық турнирде төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық құраманың қоржынында екі алтын және екі қола жүлде бар.

Әйелдер арасындағы сайыста Анастасия Городко екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев қола жүлдеге ие болды.

Тэгтер:

Турнир алтын медаль Анастасия Городко могулшы