«Қате пікір айтсам, ренжіп қалар»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен араласпайтынын айтты

Бүгін, 06:29 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші Сырым Исабаев Jibek joly телеарнасының «Бүгін.Live» бағдарламасына қатысып, Қайрат Нұртаспен арадағы байланысы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Өнер иесінің айтуынша, олар тығыз араласып жүрген жандар болмаса да, ара-қатынастары қалыпты.

«Тығыз байланыстамыз деп айта алмаймын. Бірақ арамыз жаман емес. Соңғы уақытта осы тақырыпта бірнеше сұхбат бердім. Кейде жауап бергенде: менің сөзім ол кісілерге қалай әсер етіп жатыр екен деп іштей ойланамын. Жалпы, барынша әріптестерімнің жақсылығын асырып, кемшілігін жасыруға тырысамын. Біреу туралы қате пікір айтып қойсам, ренжіп қалар ма деп те ойлайсың», – деді Сырым Исабаев.