Шығыс Қазақстан облысында жүкті әйел тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүкті әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында ТЖМ-нің санавиациясы іске қосылды.
«Өскемен-Самар-Өскемен» бағыты бойынша ұшқан Ми-8 тікұшағын Руслан Ағламбеков пен Леонид Калеканов басқарды. Ұшу барысында пациентке қажетті медициналық көмекті санавиация дәрігерлері Марат Көксегенов, Татьяна Сергеева және Рима Меңдібаева көрсетті, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
ТЖМ экипажы мен дәрігерлердің жедел әрекеттерінің арқасында болашақ ана Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.