Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 11:40 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Синоптиктер еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2025 жылғы 20 желтоқсанда Алматы және түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.