Жапониямен спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге әзірміз – Тоқаев

Бүгін, 10:35 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Мемлекет басшысы бұл туралы Токиода өтіп жатқан «Орталық Азия-Жапония» саммитінде Жапониямен спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге әзір екенін баса айтты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болғанын атап өтті.

«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз. 

Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды. 

Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым. 

Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін», – дейді Президент.

Тэгтер:

жапония ынтымақтастық Спорт саласы