Жалпы сомасы – 3,7 млрд: Президенттің Жапонияға сапары аясында 60-тан астам құжатқа қол қойылды

Бүгін, 09:54 / Дана Ізтілеуова
Ақорда

Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекет басшысы бұл туралы Токиода өтіп жатқан «Орталық Азия-Жапония» саммитінде мәлімдеді.

«Сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға баса мән беру қажет. 

Былтыр өзара сауданың көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. 

Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді. 

Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Оның елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты. 

Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты. Біз елімізде еңбек етіп жатқан Жапонияның шағын және орта компанияларының қызметіне қолдау көрсетіп келеміз.

«Орталық Азия – Жапония» форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін. 

Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар», – деді Президент.

Тэгтер:

Құжат жапония Президент сапары