Қар жауып, боран соғады: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 09:12 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 20 желтоқсан, сенбі күні ел аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік-батыстан келген циклон және оған байланысты атмосфералық фронттық жүйелер Қазақстанның бүкіл аумағында өз ықпалын сақтайды.

Қар жауып, боран соғады. Елдің солтүстігінде қалың қар жауады. Ал батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі, – деп жазылған "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшейеді.