Өзбекстандық боксшыға биылғы ӘЧ-дағы жанжалдан кейін қомақты сома ұсынылған

Бүгін, 22:33 / Өтей Торғайұлы

Өзбекстандық боксшы Абдумалик Халоковқа IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатының финалындағы жанжалдан кейін қомақты ақшалай сыйақы ұсынылғаны айтылды. Бұл туралы turkystan.kz блогер Абдурахмон Фозиловқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз, өзбектер, адал спорт пен әділдікті қолдаймыз! Сондай-ақ міндетті түрде мақсатымызға жетеміз!
Сыбысқа қарағанда, Абдумаликке өте үлкен ақшалай сыйақы ұсынған, бірақ ол келіспеді!» — деп жазды ол Instagram парақшасында.

Фозилов — Абдурахмон Халоков пен ресейлік Всеволод Шумков арасындағы IBA әлем чемпионаты финалдық жекпе-жегінде әділетсіз төрешілік мәселесін көтерген Өзбекстан өкілдерінің бірі. Шешуші кездесуде (60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) Ресей боксшысы Өзбекстанның Олимпиада чемпионының құлағын тістеп алғанымен, төрешілер шешімі бойынша жеңіс пен алтын медаль Ресей спортшысына берілген.

Кейін бұл оқиғаға байланысты IBA президенті Умар Кремлёв мәлімдеме жасап, жағдай арнайы тағайындалған комиссия тарапынан қаралатынын айтқан, алайда нәтиженің қайта қаралатыны туралы сөз болмаған.
 

Тэгтер:

бокс Абдурахмон Фозилов