«Бақытты бол»: Баян Алагөзова екінші қызына жүрекжарды жазба арнады

19 желтоқсан, 2025 / Өтей Торғайұлы

Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова екінші қызы Айаруды туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Продюсер Instagram парақшасында қызының суретін жариялап, оған жүрекжарды тілегін жазған:

"Менің махаббатым, менің бақытым, менің мақтанышым, менің жүрегім! Туған күніңмен! Әрқашан денің сау, бақытты бол. Өте-өте бақытты бол. Сені жақсы көремін", – деді Баян Алагөзова. 

Айару әлеуметтік желіде әпкесі Айсәуледен алған сыйлығын бөлісті. Суретте үлкен гүл шоғы мен ашықхат.

"22 жыл бұрын сенің өмірге келгенің қандай жақсы болды", – деді Айсауле Бақытбек.

Айару Бақытбек 2003 жылдың 19 желтоқсанында дүниеге келген.  Ол 21 жасқа толды.

Тэгтер:

Баян Алагөзова Туған күн