Етті қай өңірдің тұрғындары көбірек тұтынады? – статистика

Бүгін, 16:08 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Алматы қаласында, сондай-ақ, Жетісу, Қарағанды және Ақмола облыстарында байқалды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған өңірлерде бір адамға шаққандағы орташа тұтыну көлемі тоқсанына шамамен 24 кг. Ал ең төмен көрсеткіш Шымкент қаласында тіркеліп, бір адамға шаққанда тоқсанына 16,1 кг болды.

Өңірлер бөлінісінде жекелеген азық-түлік түрлерін тұтыну деңгейі де әртүрлі. Нан өнімдері мен жарма бұйымдарын ең көп тұтынатын өңір – Түркістан облысы, мұнда бір адамға тоқсанына 43,4 кг келеді. Балық өнімдерін ең көп тұтыну Солтүстік Қазақстан облысында байқалып, көрсеткіш 5,8 кг құрады. Сүт және сүт өнімдерін тұтыну көлемі Ақмола облысында жоғары – бір адамға тоқсанына 83,1 кг. Ал көкөністер мен жемістерді ең көп тұтынатын өңір – Алматы қаласы, тиісінше 30,76 кг және 36,9 кг.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың III тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерін орташа тұтыну көлемі келесідей: