Түркияда референдум аяқталды

Түркияда референдум аяқталды

Түркияда референдум аяқталды
ашық дереккөзі
Түркияда конституцияға өзгеріс енгізу бойынша жүргізілген жалпы-халықтық референдум аяқталды. Жергілікті уақытпен сағат 17:00-де елдегі барлық сайлау учаскелері жабылған. Енді сайлау комиссиясы дауыстарды санауға кірісті. Алдағы уақытта алғашқы қорытындылар жариялана бастайды. Түркия заңы бойынша референдум мен сайлау кезінде экзит-поллдың алдын ала болжамына тыйым салынған. Жалпы азаматтардың дауыс беруі үшін 167 мың сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Мұнда 55 миллионнан астам адам мемлекеттің алдағы тағдырына қатысты таңдау жасай алады. Ал шет мемлекеттерде тұрып жатқан түрік азаматтары мерзімнен бұрын дауыс берген. Науқанның тыныш өтуі үшін 250 мың полицей мен 129 мың жандарм жұмылды.