Ақтөбе облысы мен Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылғы 19 желтоқсан сағат 14:00-де ауа райының бұзылуына байланысты жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылады.
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Эко Ойл жанармай стансасы - Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым арылығы (Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейін).
Жолды 2025 жылғы 19 желтоқсан сағат 23:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.