БҚО-да бір отбасының балалары уланып, ауруханаға жеткізілді

Бүгін, 11:33 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Әлеуметтік желілерде бір отбасының балалары газдан уланғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz сайты «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, улану туралы мәлімет 112 пультіне жедел жәрдем қызметі арқылы түскен.

БҚО білім басқармасында атап өткендей, балалар қазір дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

БҚО полиция департаментінде жағдайға қатысты түсініктеме кейінірек берілетінін айтты.  Балалардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Өзге мән-жайлар анықталып жатыр.