Павлодар облысында рөлде отырып, телефон қолданған 3363 жүргізуші жауапқа тартылды

Бүгін, 11:34 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысында рөлде телефон қолданған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесуге тыйым салынғаны баршаға мәлім. Алайда тәжірибе көрсеткендей, көптеген жүргізушілер жол қозғалысы кезінде гаджеттерді қолданудың қауіпті екенін түсінсе де, қауіпсіздік үшін құлаққаптар мен смартфондардан бас тартуға дайын емес, оның салдарын жете бағаламайды.

– Павлодар облысында жүргізушілердің көлік құралын басқара отырып, бір мезгілде смартфон қарауын жиі байқауға болады. Мұндай әрекеттер кейбір жағдайларда жол-көлік оқиғаларына әкеліп соқтырады. 2025 жылдың ағымдағы кезеңінде ғана рөлде отырып ұялы телефон арқылы сөйлескен 3363 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД.

Павлодар облысының полициясы жүргізушілерді барынша мұқият әрі сақ болуға шақырады. Егер қоңырау түсіп, шұғыл жауап беру қажет болса, көлікті тоқтатқан жөн немесе арнайы гарнитураны пайдалану керек. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолдан өту кезінде смартфон қолданбауға және құлаққаппен музыка тыңдамауға кеңес беріледі. Бұл жол-көлік оқиғасына ұшырауға себеп болуы мүмкін, ал оның салдарын болжау мүмкін

Тэгтер:

көлік Павлодар облысы жүргізуші телефон рөл жауапқа тарту