ҰҚК Шекара қызметі 14 желтоқсанда Жамбыл облысының «Айша-бибі» өткізу пунктінде есірткі заттарының ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды, олардың кейбіреулерінде «999» таңбасы болды.
Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 кг-дан асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды, оның ішінде: героин - 0,999 кг, апиын - 3,620 кг және гашиш - 25,949 кг.
Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген хабарламада.