«Тараз» футбол клубының директоры Дидар Сыдықбек Ұлан Қонысбаевты командаға не үшін шақырғанын ашып айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ұлан ағамызды үлкен тапсырманы шешуге көметкесетін адам ретінде қарастырып жатқан жоқпыз. Ол – Тараз түлегі. Адамгершілік жағынан қарайтын болсақ, Қазақстан ұлттық жейдесін киіп жарақат алды. Сондықтан осы маусымға ойымыз жақсы. Ұлан ағамызды құрметпен шығарып салу. Сосын «Тараз» клубына функционерлік қызметіне қосу. Құрамада болады, ойнайды.
Жеке ойым – Ұлан ағамыз алаңда 15-20 минут ойнап шыға алады. Сонымен қатар, киім ауыстыру бөлмесіндегі климат, оның тәжірибесі – жастарға көмек. Жастарды біріктіре алады. Ұлан ағамызға үлкен рөлді беріп жатырмыз. Ең бастысы бәрі сәтімен түсіп, Ұлан ағаызды құрметпен шығарып салу», – дейді клуб директоры Nursultan Qurman YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, 36 жастағы Ұлан Қонысбаев соңғы рет «Тараз» клубы сапынд аөнер көрсетіп, 2022 жылдың басында мансабын аяқтаған болатын. Ол Қазақстан құрамасында 32 матчқа қатысып, үш гол соқты.