Қар жауып, боран соғады: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Бүгін, 05:40 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ortcom.kz

"Қазгидромет" синоптиктері 2025 жылғы 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Метеорологтардың мәліметінше, ел аумағына солтүстік-батыс циклоны ықпал етіп, қар жауып, боран соғады.

19 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны және оған байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Қар жауып, боран соғады, ал елдің батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі, - деп жазылған "Қазгидромет" баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ республика аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжанып отыр.