Жапония Премьер-министрінің офисінде Президентті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

18 желтоқсан, 2025 / Інжу Әлихан
Ақорда

Жапония Премьер-министрінің офисінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрмет қарауылы сап түзеп, қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Санаэ Такаичи бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.