Алматыда заңсыз салынған базар бұзылатын болды

Бүгін, 15:11 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Рысқұлов даңғылы, 420 мекенжайында орналасқан «Үміт» базары сот шешімімен бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне тиісті құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.

2025 жылы 22 шілдеде басқарма аталған нысанды сүру туралы талап-арызды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдады. 2025 жылы 27 тамызда сот басқарманың талабын қанағаттандырды.

Сот шешімін орындау аясында меншік иесі ғимаратты өз еркімен бұзуды бастады.