Қосшыдағы мектептердің бірінде автобус өртенді

18 желтоқсан, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бүгін Қосшы қаласындағы мектептердің бірінің аумағында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрттің ауданы 10 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер өртті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!

Тэгтер:

Автобус өрт Қосшы