Алматыда жыл сайын 40 ауқымды іс-шара өткізу жоспарланып отыр

Бүгін, 17:50 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Алматыда жыл сайын кемінде 40 ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Шаһар басшысы мәдениет қаланың маңызды әлеуметтік құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар оның инвестициялық тартымдылығын арттыратын елеулі құндылық екенін атап өтті.

Әкімнің айтуынша, 2028 жылға дейін Қазақ мемлекеттік циркін, Алматы хайуанаттар бағын, Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратын қайта жаңғырту жоспарланған.