Алматы – Ташкент тасжолында екі көлік соқтығысып, 6 бала зардап шекті

Бүгін, 17:05 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысында Алматы – Ташкент автожолының 570-шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көліктердің ішінде 10 адам, оның ішінде алты бала болған.

Апат орнына Жуалы ауданының ТЖМ құтқарушылары жедел түрде жетті.

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері зардап шеккендерді көліктерден шығарып, жедел жәрдем бригадалары келгенге дейін алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетті.

«Екі зардап шегушіні медицина қызметкерлері аудандық ауруханаға, ал қалғандарын құтқарушылар емдеу мекемесіне жеткізді», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Жол апаты Ташкент автожол тасжол