ШҚО-да адам өмірін сақтап қалған құтқарушыға «Ерлігі үшін» медалі табысталды

Бүгін, 14:37 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Адамды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, жанқиярлығы үшін ШҚО ТЖД Өскемен қаласы №6 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Ринат Жылқышинов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, батырға награданы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыс етті.

Айта кетейік, 11 маусым күні Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына келген Ринат Жылқышинов газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында барлау жұмыстарын жүргізіп, 1946 жылы туған пәтер иесін қалың түтінге толы тұрғын үйден құтқарды. Зардап шегушіге құтқару капюшонын кигізіп, оны қауіпсіз жерге шығарды.